Алтай ауданының солтүстік бөлігіндегі таулы аймақта құрғақ шөп пен бұталар өртеніп кеткен. Северное ауылынан 10 шақырым жерде басталған қызыл жалын бүгін толығымен оқшауланды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 152 адам жұмылдырылды. Оның ішінде ШҚО ТЖД қызметкерлері мен арнайы құрылған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының авиажасағы бар. Облыс әкімі өртті ауыздықтауға қатысқандардың барлығы қажетті заттармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.