Жаз басталысымен бала біткен лагерге баруға асығады. Аймақта  көптілді білім беруді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында №38 мектепте лингвистикалық лагерь жұмыс істейді. Жазғы тіл лагері – оқушылардың демалысын пайдалы өткізуге, шет тілдерін үйренуге тамаша мүмкіндік береді.
 «Мамандықтар әлемі» бағдарламасы тек оқыту емес, демалыс пен жаттығулардан тұрады. Осы мақсатта балалардың динамикалық іс-әрекетке, тілді түсіну мен зияткерлік дамуына арналған жұмыстың белсенді формалары қарастырылған.
Аймақтағы №38 гимназиясы жанындағы лагерде жыл сайын 60 жуық бала демалады.Тіл лагері бағдарламасы тек қазақ, ағылшын тілдерін оқытып қана қоймай, демалуға да арналған.
Лагерь бағдарламасында түрлі шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар қарастырылған. Онда балалар сөздік қорын толықтырып, «Оқушы мектеп» жобасы аясында қазақ және ағылшын тілінде кітаптар оқиды.
Жаз – ойын-сауық, сүйікті іспен айналысу, денсаулықты қалпына келтіру уақыты. Сондай – ақ балалардың еркін сөйлесу мерзімі.
Лагерь қызметкерлерінің айтуынша, жыл сайын мұнда келетін балалардың саны артуда.