Полиция қызметі – қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін елдегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Тәртіп сақшыларының кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасуда. Ал, қаланың тыныштығын қамтамасыз етіп, ел ішінде тәртіпті жіті назарда ұстауда талмай қызмет етіп келе жатқандардың бірі - Елюбаевтар отбасы.
Отбасындағы бірлік пен тыныштықты сақтап жүру – әркім көтере бермейтін жауапты міндет. Осындай қиындықтарға қарамастан, бүгінде полиция қызметінде еңбек етіп жүрген қызметкерлер бар. Солардың бірі  - Патрульдік полиция бөлімінің қызмет инспекторы Қайрат Елюбаев.
Адам өмірі мен ел тыныштығын қылмыскерлердің құрығынан сақтап келе жатқан отбасындағы жолдасы мен жұбайы бүгінде бір салада қызметтерін ұштастырып отыр. Бір жерде еңбек ету – жауапкершілікті ғана емес, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты қалыптастырады. Әрқашан бір-бірімізге демеу болып, ақыл-кеңес беріп отырамыз. Бала тәрбиесіне де бірге атсалысамыз. Ал, берілген жауапты істі абыроймен атқару басты ұстанымымыз, – дейді Қайрат Елюбаевтың жұбайы Жанар Елюбаева.
Тек қызметтерінде ғана емес, ошақ қасы отбасында да тәртіп пен тәрбиенің озық үлгісін көрсетіп жүрген полиция қызметкерлері әрқашан құрметке лайық.