Өңірде жасөспірімдерге мемлекеттік тілді үйрету үшін «Қонақ отбасы» жобасы қолға алынған болатын. Бұл жоба биыл 10-шы маусымнан бастап жүзеге асып келеді.Аймақтағы оқушылар Катонқарағай ауданындағы қонақ отбасыларына 20 күнге жіберілді. Ол арқылы бала ауызекі мемлекеттік тілді тезірек меңгере алады.
 «Қонақ отбасы» жобасы аясында барлығы 67 бала аттанған болатын. Катонқарағай ауданында 15 оқушы, Өрел мен Берел ауылдарында 26 баладан. Жобаның қатысушылары Өскемен, Риддер, Алтай, Глубокое, Шемонайха аудандарының мектеп оқушылары. Келгендеріне 5 күн ғана болған оқушылар қазақ тілін үйренуге қызығушылықтары артып келеді.
Оқу бағдарламасынан бөлек спортпен шұғылдану, табиғатты, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеу сияқты танымдық шаралар өткізіледі.
Ал, баланы қабылдайтын әрбір отбасы 181 мың теңге алады. Алтай қаласынан келген Владислава пен Ксения Мерғазиндер әулетіне келген. Үш қызды тәрбиелеп отырған ананың айтуынша, қыздар өте бауырмашыл және өз қыздарымен тез тіл табысып кетті, дейді.
Жоба еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі - Қатонқарағай ауданында өтіп жатыр.