«Жаужүрек мың бала», «Соғыс тұтқыны», «Подарок Сталину» фильмдерінің продюссері Әлия Увальжанова аймаққа келіп, фильм түсіруде. Туындының мақсаты қандай? Қашан жарыққа шығады?
«ALDONGAR Productions» компаниясы аймақта алғаш рет көркем толықметражды фильмнің түсірілімін бастады. «Бұқтырма» деп аталатын туындының басты мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту. Продюссердің айтуынша, кинода өзің туып-өскен елің мен жеріңді құрметтеу, тазалығы, табиғатын сақтау сияқты тақырыптар да көтеріледі.
Фильмге актерлер ұзақ уақыт тыңғылықты дайындалған. Түсірілім алаңы бүгінде көңілдерінен шығып жатыр.
12 маусым күні Бұқтырма жағалауында басталған түсірілім жұмыстары маусым айының аяғына дейін жалғаспақ. Ал, туынды көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылуы мүмкін.