Елдің өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан, халықтың әл-ауқатын арттыруға атсалысқан, өзі еңбек еткен салада жетістікке жеткен тұлғаларды елтұтқа дейді. Сондай ардақты жанның бірі – Мария Пекур.
Қатардағы мұғалімнен басшылық лауазымға дейін көтерілген еңбек ардагері бүгінде сол кездерді сағынышпен еске алады.
Мария Пекур ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосты. Ол музыка мектебінің, балабақшалардың ашылуына ықпал еткен. Аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық қорын ашып, білім ордаларында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын қадағалады. Балалар шығармашылығының дамуына ерекше назар аударды.
Айта кетейік, Мария Пекур «Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» ұйымдастырған «Шығыстың асыл тастары» байқауында 2008 жылы жеңімпаз атанған.