Шілде айының басында Қазақстанда ұлттық мереке-домбыра күні атап өтіледі. Домбыра - бұл музыкалық аспап қана емес, ұлттық қазына. Ата-бабаларымыз ертеден бастап осы қос ішекті домбыраның үні арқылы қуанышты да, қайғыны да жеткізе білген. Айтулы күнді Өскемендіктер ерекше атап өтті.
Домбыра - халқымыздың тамыры тереңде жатқан төл өнерін дәріптейтін мейрам. Қазақ пен домбыра  бір-бірінен  бөле-жаруға болмайтын егіз ұғым. Домбыра – көне заманның аңыздарына  арқау болған киелі аспап. Өскеменде атаулы күнге орай «Домбыра party» мерекелік іс-шарасы өтті.
Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Елімізде қасиетті қара домбыраға деген құрмет ешқашан төмендеген емес.
Шарада ұлттық қазақилықты дәріптеп жүрген жетекшілерге алғыс хатпен марапаттау рәсімі өтті. Қазақилықтың иісі аңқыған осындай іс-шаралар әліде өз жалғасын таппақ.