Өңірдегі таеквондо  сопортының аяқ алысы жақсы. Спорттың осы түрі облыста қарқынды дамып келеді. Мұстафа Өзтүріктің жолын жалғаған өрендер туралы Досжан Мұхаметқали тарқатсын.

Мұстафа Өзтүріктің даңғыл жолын жалғаған, осы салаға бет бұрған жастардың қатары Қазақстанның әр аймағында қарқынды өсіп келеді. Шығыс жекпе-жегінің өңірдегі деңгейі де жақсы. Республикалық сындардың алды боп жүрген ұл-қыздарымыз да жеткілікті. Ал жеткіншектер байрақты бәсекелерде төбе көрсетіп, тіпті тұғыр биігінде жүр.
Батырхан Төлеуғали бапкерлердің үміті, қатарластарының алды боп жүрген дара спортшы. Көздегені Олимптің алтынын алу. Кеткен уақыт пен төгілген тер нәтижесін бермей қоймайды, - дейді, ол. Осыдан 8 жыл бұрын таеквондо мектебіне келген бала, мамандардың көзіне бірден түскен. Қуаты қойнына сыймай тұрған тарыдай ұл, бірінші күннен бастап ептілігін көрсеткен.

Залда тынымсыз дайындықта жүргендердің арасында шынашақтай қыздарда бар. Жекпе-жек өнері тек тепсе темір үзетін жігіттерге ғана арналған деген түсінікпен мүлдем келіспейді. Корттың ортасына отырып, үлкен-кішісіне қарамай, барлығына жаттығу жасатып жатқан қуыршақтай қыз – Томирис Рахимбердиева.
Мұндағы таеквондошылардың көбі дарынды балаларға арналған облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқиды. Білікті бапкерлер мен тәжірибелі мамандардың берген тәлімі мен тәрбиесінің арқасында осы спорттың озаты атанып жүр.