Аймақтағы Таулы Үлбі өзенінің жағасында орналасқан «Дарын»  лагерінде «Дарын PARTY» үшінші жазғы ауысымы басталды. Демалыс орнында аймақтың әр өңірінен жиналған 7 мен 16 жас аралығындағы 356 оқушы тынығады.
«Дарын»  лагерінде балалардың демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Мұндағы әрбір минут қызыққа толы. Балғындар шығармашылық студияларда, әртүрлі бағыттарда үйірмелерде шеберліктерін шыңдай алады.
Орталықта балалар 12 жасаққа бөлінген. Әр қайсысында 1 оқытушы мен тәрбиеші балаларды бақылауда ұстайды. Бұдан бөлек, мұнда балалар рафтингпен айналысады.  Онда қайықпен ағысы күшті, иірімдері көп, тау етегіндегі өзен суымен жүзіп өтуге тырысады.  
«Дарын PARTY» ауысымының ерекшелігі мұнда күн сайын түрлі көңілді кештер ұйымдастырылады. Мәселен, жақында ғана көбік кеші, ауыл пати сынды шаралар өтті. Орталыққа жыл сайын келетін оқушылар бұл жерден ұмытылмас әсер алатындарын айтады.
«Дарын» лагері- демалыс пен сауықтыру, спорт пен шығармашылықты ұштастыратын орталық. Мұндағы әрбір бала тәжірбие алып, өздерін басқа қырдын тануға мүмкіндік алады. Бұл жерде оқушылар өздеріне жаңадан дос тауып, олармен қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізеді.