Облыста мектеп оқушылары арасында өткен дәстүрлі көпкүндік «Қазақстан оқушысы-2023» веложарысы өз мәресіне жетті. Ауқымды додада 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қорытынды бойынша, бірінші орынды Өзбекстан елінен келген велошабандоздар қанжығасына байлады.
Қатысушылар сайыстың әрбір кезеңінде 90 шақырым жолды жүріп өткен. 53-рет ұйымдастырылған дода жоғары деңгейде өтіп, кәсіби велошабандоздар бақ сынады.
Спортшылар бір-бірімен жекелей және топтық сынға түсті. Командалық сайыста ұжымның барлық мүшесі жоғары дәрежеде өнер көрсеткен.
Велошабандоз Лев Порошенко бұл дүбірлі додаға үлкен дайындықпен келген. Спортшы үздіктердің қатарынан көрініп 2 орын иеленді.
Ауқымды сайыста өзге мемлекеттен келген велошабандоздар да болды. Өзбекстан елінен келген қатысушы Никита Еремов жарыстан алған әсерімен бөлісті.
Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол полициясы мен жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі сайыс келер жылы да жалғасын таппақ.