Облыстық білім басқармасына қарасты «Үміт» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жазғы лагерінде жоспарға сай, күнделікті балғындарға арналған түрлі шаралар өтеді. Мұны ұйымдастыруға жауапты педагогтар мен тәрбиешілер бекітілген. Әр күн сайын «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері тақырыптық кештерге белсене қатысып, жазғы демалыстарын денсаулыққа пайдалы, әрі көңілді өткізуде.
«Үміт» балаларды қолдау орталығының «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде балаларға бар жағдай жасалған. Мұнда келушілер таза ауаменф кең тыныстап, әсем табиғат аясында уақыт өткізеді. Демалушылар шығармашылықпен, спортпен айналысуға ерекше ден қойған.
Балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, бұл жерде алаңсыз тынығулары үшін, орталықта күнделікті күн режимі жасалып, қатаң тәртіп сақталады.
Педагогтердің айтуынша, жазғы лагерьдегі өмір – тәрбиелік, шығармашылық бағыттағы ауқымды жұмыстың бір көрінісі.