Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өңір өкілдігінің бастамасымен «Халифа Алтай ұлағатты ұстаз және жастар руханияты» атты Республикалық форум өтті. Шараға діни басқарма төрағасының орынбасары Ершат Оңғар мен өңір имамдары, жастар көшбасшылары мен ұйымдарының төрағалары қатысты.
Форумның мақсаты - «Ислам және ізгі қоғам» жылында дін ғұламасы, көрнекті Ислам ғалымы Халифа Алтайдың тағылымын насихаттау. Бұдан бөлек, жастарды жат ағымдардан сақтандыру. Жастар – еліміздің болашағы. Олардың иманды, білімді болуы мен ауызбіршілік танытуы өте маңызды.
Биыл Халифа Алтайдың туғанына 106, ал өмірден өткеніне 20 жыл толып отыр. Ол көпшілікке тек игі істерімен танымал. Сонымен қатар, Халифа Алтай тәуелсіздік жылдарында ислам дінін насихаттауға сүбелі үлес қосқан.
«Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, бұл жиынның жастарға беретін құнды тұстары көп. Халифа Алтайдың өмір жолын дәріптеуге арналған бұл шарада көпшіліктің көкейіне иман нұрын себу ізгі бастама.