Аймақта «спорт күні» кәсіби мерекесіне орай, тартысты додаларда топ жарып, облыстың мерейін өсіріп жүрген спортшылар марапатталды. Шараны әр жыл сайын ұйымдастыру айнымас дәстүрге айналған.
Жарасымды үрдіс биылғы жылы да жалғасын тауып, салтанатты жиынға тек спортшылар мен сала қызметкерлері ғана емес, қала жұртшылығы да жиналды. Шарада «Құрметті спорт қызметкер»  төсбелгісімен Глубокое ауданының балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы  Андрей Табакаев және спорт ардагері Қабдраш Байжуменов марапатталды.
Кездесуде сөз алған Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов  шаһардағы барлық спортшылар мен жанкүйерлерді, спорт саласының ардагерлері мен жас буынды атаулы мерекемен  құттықтады.
 «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай өткен шараның ұйымдастырушылары, спортшылардың алдағы кезеңдерде де жеңісті жолдарының жалғаса береріне сенімді.