Облыста жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясының барысы талқыланды. Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде бой көтеретін білім ордаларының құрылысы жайында ақпарат берілді.Жаңа оқу жылына оқушыларды қажетті құрал-жабдықпен қамтыу мәселесі де сөз болды.
 «Мектепке жол» республикалық акциясы биылда игі дәстүрге сай өтеді. Облыстық білім басқармасының басшысының айтуынша  2023-2024 жылғы жаңа оқу маусымында аймақта 343 мектеп салу жоспарланған.
Өңірдегі 39 білім ошағындағы қазандықтарды жылыту маусымына дейін әзірлеу көзделген. Ал, биыл студенттер колледжге емтихан тапсырмай, құжаттарын өткізіп, орташа баллмен оқуға түсулеріне болады, дейді мамандар.
Бұдан бөлек, биыл барлық білім беру ошағының бастауыш сыныптары тегін ыстық аспен қамтылмақ.