Өскеменде Коституция және қала күні қарсаңында костюмді музыкалық ретро-кеш өтті. Ретро-кеште сонау 70-ші, 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдары сәнге айналған, жүректің төрінен орын алған әндер шырқалды. Бұдан бөлек, үздік ретро киім үлгісін дайындап келген қала тұрғынына сыйлықтар табыcталды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі қызықты байқаулар, ән мен би, қолөнер шеберлері және ретро көліктер көрмесі де ұйымдастырылды.
Ал биылғы  ретро-кештің басты тақырыбы – Дос-Мұқасан тобына арналды. Өткен жылы 55 жылдық мерейтойын атап өткен топты таңдауымыз да тегін емес, дейді ұйымдастырушылар.
Қала тұрғындары назарына ұсынылған ретро көліктер көрмесі кештің сәнін келтірді. Түпнұсқада сақталған көліктің иесіне бас жүлдеге 100 литр жанармай бұйырды. Кешке келген қала тұрғындары дән риза. Олар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Конституция мен қала күні тұспа-тұс келетіндіктен соңғы жылдары қос мерекені бірге атап өту дәртүрге айналған, дейді ұйымдастырушылар.