Облыстық құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы сәтті іске асырылып жатқанын айтады. Мердігерлер шалғай жатқан аудан мен ауылдарда құбыр тартып, су мұнарасының құрылысын бастап кеткен.Аймақта «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ауылды жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін ілкімді істер атқарылуда. Солардың бірі – Алтай ауданына қарасты Малеевск, Путинцево ауылында су құбыры желілерін салу және Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы құбыр желісін жаңарту.Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған елдімекенде құбыр желілерін төсеу және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде.Ұлттық жоба аясында аймақтағы бірқатар ауыл¬да талайды толғандырған түйт¬¬кілді мәселе шешімін тап¬ты.