Өскеменде «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналып келеді. «Ертіс концерт» сахнасында Катонқарағай ауданы өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Кешке әріптесімде куә болып қайтты.  Гала-концертте катонқарағайдың талантты ұл-қыздарынан бөлек, композитор, этномузыкант Еділ Құсайынов пен Х-Фактор жобасының жеңімпазы Мирас Ерболов өнер көрсетіп, қала тұрғындарын ән мен күйге бөледі. Шарада өскемендіктердің назарына қолөнер шеберлері мен зергерлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар ұсынылды. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жәдігерлері мен суреттерден көрме ұйымдастырылды. Келушілер катонқарағайлықтардан тарту ретінде бал мен қымыздан дәм татты.Айта кетейік, бұл – ауданның мәдени күндері аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі.