Зайсан ауданында мектепке дейінгі біліммен қамту ісі қарқынды. Қазіргі уақытта мұндағы 2 469 бүлдіршін балабақшаға барады. Ал 2 мен 6 жас аралығындағы 232 балғын кезек күтіп тұр. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін алдағы уақытта 140 орындық балабақша салу жоспарланған. Зайсан ауданында бүгінгі күні мектепке дейінгі біліммен қамту ісімен 19 балабақша, 12 шағын орталық айналысады. 19 балабақшаның 12-сі жекеменшік.Бұл мекемелердің барлығы заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Биыл аудандағы Қарабұлақ ауылында 75 орындық жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. Ауданда балабақша кезегінде тұрған 232 бүлдіршінді мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Зайсан қаласында 140 орындық ғимарат салу көзделген. Бұдан бөлек, бұрын балабақша болған ғимараттарды жекеменшіктен мемлекет қарамағына қайтару шаралары да жүзеге асырылуда.