Өскеменде «Туған жер-плтын бесігім» жобасы аясында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай марафон ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, «Амфитеатр» аумағына жиналған жұрт ұлттық спорт түрінен өткен сайыстарға қатысып өзара кім мықтыны анықтады. Ертіс жағалауына жиналған ағайын ауа райының қолайсыздығына қарамастан ләңгі теуіп, асық атып жарысты.Ал марафонда балалар мен ересектер қауымы бақ сынасты. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау. Себебі, мұндай игі шаралар әр адамға өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өткен марафонда желаяқ Екпін Ерсін жеңіске жетті. Ал асық атудан Саржан Амантайдың мерейі үстем болды. Жеңімпаздарға алғыс хатпен бірге Катонқарағай ауданының қымызы тарту етілді.