«AMANAT» партиясы мүшелері азаматтарға құқықтық көмек көрсетті. Шара халықтың құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Мұнда сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесі қорғалады. «Құқықтық көмек» жобасы заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Қабылдауда көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша заң көмегін ала алады.Осындай шара апта сайын кез-келген қоғамдық қабылдау бөлімдерінде өтеді. Бұл жерге құқықтық сауаттылық жағынан қиналып жүргендер де, өзгелерге алданып қалтасынан қағылғандар да келеді. Көмек сұрап партия есігін қаққандардың бірі – Гүлнар Қуанбаева.Азаматтарды қабылдау облыс орталығында сәтті түрде жүзеге асып, келесі кеңес отырысы Риддерде жалғасын тапты.