Өскемен – ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын үлкен өнеркәсіптік орталық. 30 тамыз шырайлы шаһардың туған күні. Биыл айтулы күн ауқымды деңгейде тойланды. Тамыз айының 24-ші жұлдызынан басталған мерекелік шаралар 30-на дейін жалғасты. Ертіс жағасындағы ерекше шаһарға биыл - 303 жыл. 7 күнге жалғасқан қаланың туған күнінде рекорд жаңарды. Әлемдегі ең ұзын «Капрезе» салаты Өскеменде жасалды. Ұзындығы – 1 метр, 15 см. Иә, рекорд тіркелді. Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов Өскеменге өзі келіп, ең ұзын моцарелла «Капрезе» салатының дәмін татты. Өскеменнің туған күні кешкісін мерекелік концертпен жалғасты. Өңірдің әнші-бишілері түгел жиналып, қала халқына керемет көңіл-күй сыйлай білді. Көңілді кеште халық көпке танымал Еркеш Хасенді үлкен ықыласпен қарсы алды. Таланты әнші өз репертуарындағы әндердің барлығын дерлік орындады. Халық тіпті хитменнен кейбірін қайта орындауын сұрады. Қала күніне арнайы келген, концерттің хедлайнері Садраддин. Кештің ең соңында шыққан әншіге халықтың қошеметі ерекше болды. Қала күнін мерекелеу үлкен отшашумен аяқталды. Шаһардың туған күніне келген әр адам керемет эмоция алып қайтқаны сөзсіз.