Ұлан ауданының 95 жылдық мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан жастары» атты аудан әкімі  кубогына жайдарман фестивалі өтті. Жайдарманның жайдарлы сайысында   10 команда бақ сынады.  Жайдарман ойыны - Ұлан ауданының Жастар ресурстық орлатығы қолдауымен ұйымдастырылды. Сайыста Өскемен, Павлодар, Семей, Риддер қалаларынан және Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарының құрама командалары өз бақтарын сынады. Жайдарман барысында күлдіре отырып, салмақты ойларын саналы әзілмен жеткізе білген командаларға төрелік еткен Дарын Нұрсапар әр құрама тыңғылықты дайындықпен келгенін айтады.Әзіл-қалжың кеші шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түскенін көрсетедi. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Дәстүрге айналған жайдарман ойыны келесі жылда өз жалғасын табатынына сеніміміз мол, дейді сайысқа қатысушылар. Әзілге толы кеш көрерменнің көңілінен шықты. Жайдарман сүйер қауымның арасында Адия Алтынбекова да бар. Әділ қазылардың шешімімен І-орынды "Риддер құрамасы" иеленді. ІІ-орынға Өскемендік "VICI махаббат" құрама командасы табан тіресе, ІІІ-орын  облыс орталығының тағы бір құрамасы "Көркем" ойыншыларына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.