Елдің ертеңгі тізгін ұстар азамат тәрбиелеу мұғалімдерге жүктелген аса маңызды, жауапты міндет. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес.Солардың бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнаш Қозыбаева. Білікті педагогпен арна тілшілері мереке қарсаңында тілдесіп қайтты. Айнаш Қозыбаеваның білім саласында жүргеніне он бес жылға жуық уақыт болған. Ол оқушыларға мәдениет пен әдебиеттің қыр-сырын үйретіп келеді. Бала кезінен мұғалім болуды армандап, Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз еңбектеніп келеді. «Білім сапасының артуына үлес қосып, талай жыл талмай еңбек етіп келе жатқан жаңашыл маманның биік тұғырдан түспей, әлі де белестерді бағындыра беретініне сенім мол», дейді әріптестері.