Аймақта ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға ішкі саясат, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармаларының мамандары қатысты. Басқосуда көтерілген өзекті мәселелер жайлы тілші баяндасын.

Шарада Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың емделуі, оңалту орталықтарына бөлінетін квота сөз болды. Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бұл бағытта нақты қадамдар жасалуы қажет екендігін баса айтты. Бұдан бөлек, Өскемен маңындағы мұсылмандар зиратының аумағын кеңейту жайы да талқыланды.

Манарбек Мұхамеджанов, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

Біздің Өскеменнің маңайындағы мұсылмандар зиратының аумағы өте тарылып кетті. Енді, заман өзгерді, құндылықтыр өзгеріп жатыр, ұрпақ өзгеріп жатыр. Соған орай, жалпы зираттың мәдениетін келтіру. Жаңа архитектура сияқты жасау керек пе деген мәселелерді қабылдайық деген оймен. Осы мәселелермен тиісті шешімдер қабылдап, тиісті билік органдарына жолдайтын боламыз.

Жиын барысында басқарма өкілдері де өз салалары бойынша түсініктеме берді. Көтерілген ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті органдарға жолданатын болады.

Жомарт Құмарбекұлы, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың емделуі жайында мәселе. Оның ішінде үкіметтің Уба шипажайына барып, уақытында барып емделу, екіншісі Алматы, Астанадағы госпитальдарда арнайы емдеу орындары бар, солардың жұмысы қалай, соған жолдама дұрыс беріліп жатырма, қалай? Сол мәселенің басына дұрыс шешімін тауып, сонымен айналысатын азаматтардың айтарын тыңдап, дұрыс жол қояйық деп жиналып отырмыз.

Аймақтағы ақсақалдар кеңесі бұған дейін де бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерген. Бұл жолғы жиында айтылған ұсыныстар да назардан тыс қалмайды дейді шараны ұйымдастырушылар.

Кәусар Идаятқызы