Жаңа оқу жылы басталған тұста аймақта «Мектепке жол» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Мақсат – әлеуметтік осал топ санатындағы жанұяларға, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету. Өңірде іске асырылып жатқан игі бастамадан «BS Holding» компаниясы да шет қалмады. Компания өкілдері аймақтағы балғындарға ерекше сый-сияпат жасады.
Әдетте, бір қарағанда қағаз-қалам арзан көрінгенімен, оқушыға қажеттінің барлығын сатып алған кезде, біраз ақша жұмсалатыны анық. Осы тұста «BS Holding» компаниясы әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға, көп балалы жанұяларға қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Бұл жолы компания өкілдері азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды оқушыларға тарту етті.
Асылбек Темірбеков, «Bs Holding» компаниясының өкілі:
Біз BS Holding компаниясының атынан көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды «Мектепке жол» акциясы аясында жеткізіп отырмыз. Жаңа оқу жылында отбасыларды тек оқу құралдарымен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай. Азық-түлікпен көмеутесуді жөн көрдік. Үйткені әр баланың сабаққа алаңсыз баруы үшін жанұясының тұрмыстық жағдайы да маңызды.
«BS Holding» компаниясы іске асырған бастамаға ата-аналар жағы дән риза. Бұл балалардың қатарынан қалмай, сабағын алаңсыз оқуына сеп болады дейді олар.
Қайырымды іске қол созуға ниет білдіргендер облыстық білім басқармасына хабарласа алады. Жыл сайын бұл шараға жергілікті әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер, ірі кәсіпорындар мен қалалық және ауылдық кәсіпкерлер атсалысуда. Бұл қатарда «BS Holding» компаниясы да бар.
Нұртас Қайролдаев