Облыстық Дін істері басқармасы дін саласында төрт түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлық қызмет түрі тегін және бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі. Бұл жөнінде басқарма басшысы Жанат Мекеева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Дін істері басқармасы ұсынған қызметтің бірі - Миссионерлерді тіркеу. Бұл рәсім он жұмыс күнінде жүзеге асады. Биыл шетелден келген үш азаматқа рұқсат берілген. Олар – Ресей, Германия және Израиль елдерінің өкілдері.

Жанат Мекеева, Облыстық дін істері басқармасының басшысы:

Жалпы Миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері аймақта бес жаңа мешіттің құрылысына рұқсат берілген. Олар Катонқарағай, Глубокое және Зайсан аудандарында.

Жанат Мекеева, Облыстық дін істері басқармасының басшысы:

Ағымдағы жылы 5 өтініш қаралып, қорытындысы бойынша Үлкен Нарын ауданындағы Үлкен Нарын ауылында, Глубокое ауданындағы Белоусовка және Бобровка ауылдарында, Зайсан ауданындағы Біржан және Қарабұлақ ауылдарында 5 мешіт салуға рұқсат алынды.

Басқарма мәліметінше, барлық өтініштер уақытылы қаралған. Ал азаматтардан қызмет сапасына қатысты шағым түспеген.


Бекарыс Секен