1 қыркүйектен бастап аймақтағы мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты өз күшіне енді. Білім алушылар үшін арнайы мәзір дайындалып, пайдалы өнімдер ұсынылмақ. Азық – түліктің сапасы да назардан тыс қалмайды. Өзгерістер жайлы тілші тарқатсын.
Жаңа стандартқа сәйкес, ас мәзірінде қант, тұз және қайта өңделген өнімдер қысқартылады. Бұл ретте көкөніс, жеміс-жидек, ақуыз және сүттің үлесі артады.
Раиса Әмренова, бас аспазшы:
Тауықтың етін береміз, сиырдың етін береміз. Сүт береміз, ірімшік береміз. Кефир береміз, сметана деген нәрселердің бәрі бар қазіргі фастфуд деген жоқ. Колбаса деген нәрселер жоқ бізде алып тастадық оны, ол бізде болғанда жоқ.
Жаңа ас мәзірін әзірлеу ғылыми зерттеулер мен үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып жүргізілді. Негізгі мақсат – оқушылардың денсаулығы және пайдалы тамақпен қамтамасыз ету.
Бақыт Дырымбаева, ШҚО санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Елде №302 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай мектеп мәзірі стандарты енгізілуде. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау керекпіз. Тамақтануға байланысты аурулардың атап айтсақ: семіздік, анемия, дәрумен жетіспеушілігін алдын алу. Оның ішінде созылмалы аурулар да бар. Сондықтан мәзірге таза, табиғи өнімдерді қосу керек. Сусын ретінде газдалмаған ауыз су, сүт, жеміс шайларын тұтыну қажет. Қант мөлшері 2,5%-дан аспауы шарт.
Мамандардың айтуынша бұл өзгеріс оқушыларға оң әсерін тигізбек. Аталмыш бастама балалардың оқу үлгерімінің артуына, ерте жастан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруда маңызды қадам. Департамент қызметкерлері енді тамақтану сапасын қатаң бақылауда ұстамақ.
Гүлдана Айдарқызы