Аймақта «Ауыл –ел бесігі»,«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында қолға алынған шаралар легі ауқымды. Мәселен, Өскеменде биыл жол жөндеу жұмыстары мен көшелерді жарықтандыру ісі қарқынды. 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржыға 3 жоба іске асырылуда. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бүгінде электрмен жабдықтау желілерін салу бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд.теңгенің 3 жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда бастау алған жұмыстардың 90% -ы орындалды. Ал Базовая көшесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы Қабанбай батыр көшесінің тұсындағы трамвай жолдарын және Мызы көшесіне дейінгі съездерді қайта жаңғырту істері де қолға алынған. Жоба аясында қолға алынған аймақтағы іргелі жұмыстар әлі де жалғасын табады. Жергілікті билік өкілдері нысандар тұрақты бақылауда екенін айтады.