Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізі дәнді дақылдар шаруашылығы мен малшаруашылығынан. Осы орайда облысымыздың табиғаты мен климаты екі саланы да алып жүруге қолайлы әрі ыңғайлы. Өңірімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлес қосып жүрген компаниялардың бірі Солночное ауылында орналасқан «Майлы дақылдардың тәжірбиелік шаруашылығы» ЖШС. Компания  жаңа заманауи технологияларды ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу бойынша озық тәжірибе базасы саналады. Ауылшаруашылық өнеркәсібін алға дөңгелетіп жүрген кәсіпорын жайлы келесі бейнематериалда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу деп атап өткен еді. Осы орайда аталмыш шаруашылықтың қосар үлесі орасан. Бұл компания элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие және күнбағыс будандарын, соя және жаздық бидай сорттарын шығарушы, күнбағыс майын өндіруші және голштейн-фриз сиыр тұқымының репродукторы ретінде белгілі. Сүтті сиырларды өсіру, күтіп баптау жолында және сүттің сапасын арттыру бағытында кәсіпорын біршама жұмыс  атқарып келеді. Заманауи құрылғылар мен технологиялардың арқасында сүттің сапасын да арттыра түспек. Ол үшін әсер етуші факторлардың бірі ірі қара малының өзін жақсы сезінуі де біз үшін маңызды, дейді Майлы дақылдардың тәжірбиелік шаруашылығының бас технологы  Василий Колодько. Шаруашылықтың  тағы бір бағыты тұқымдарды таңдау, өндіру және көбейту. Одан бөлек күздік бидай, бұршақ, көп жылдық шөп сұрыптарының тауарлық тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ғылыми зерттеулерді сынау және аяқталған ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу басты мақсат. Зертханадан ғылыми тексеруден шыққан тұқымдардың атауы да ерекше, мысалы бидай сорттары «атлас», «Өскемен», «найзағай». Сондай-ақ, «Байқоңыр», «сұңқар», «Қазақстан 465» гибридтері. Осындай  саланың дамуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге септігі мол, дейді мамандар.