Облыс орталығында Республика күніне орай «Oskemen Run-2023» сайысы өтті. Оған 18-60 жас аралығындағы 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында кәсіби спортшылардан бөлек, әуесқой жандар да бар.  Бұл - сайысқа қатысушы Әбілхайыр Иманбековтың жасы 76-да. 2011 жылы жүрек талмасын алғаннан кейін, дәрігерлер зейнеткерге көбіреу жаяу жүруге кеңес берген. Содан бастап ол спортты жанына серік еткен. Мерекеге орай осындай жарыс болатындығын естіп, бағын сынап көруге шешім қабылдаған. «Биіктікті бағындыруға күнделікті үзбей жатттығуым көп көмектесті» , - дейді ақсақал. Белгіленген межені қатысушыларға бағындыру оңай болмағаны анық. Себебі, еңсеру керек биіктік 1,5 шақырымды құрайды. 428 баспалдақ пен үдей соққан жел тағы бар. Осындай кедергілерге қарсы тұрып, спортшылар мәре сызығын кесіп етуге барын салды. Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, сайыс биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Болашақта дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда. Сайыс қортындысы бойынша ерлер арасында: Аян Қасымов бірінші, Федор Сухоносов екінші және Данил Кузнецов үшінші орынды иеленді. Ал қыздардан Ангелина Кузьмина өзгелерден оқ бойы озып, бірінші орынға жайғасты. Лариса Переверзева екінші болса, Евгения Завьялова үшінші орынды місе  тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.