Өңірдегі медицина саласы заман ағымынан қалмай, дамудың даңғыл жолына түскен. Өткен ғасырдағы жағдаймен салыстырғанда қазіргі таңда жаңа технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Бұл халық игілігі үшін жасалып жатқан іс. Аймақтағы денсаулық сақтау саласындағы өзге де жаңашылдықтар туралы әріптесім тарқатсын. Облыстық мемлекеттік архивте аймақтағы медицина саласының даму жолы жайында сыр шертетін көрме бар. Көрмеден өңірдегі денсаулық сақтау саласының маңызды бағыттары көрсетілген. Бұдан бөлек, аталған саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар жайында да ақпарат алуға болады. Мекеме мамандары ұсынған деректерге сүйенсек 1884 жылы 1648 азамат амбулаториялық емделуден өткен. Осы жылдары фельдшерлік білім алған мамандардың саны артқан. Архив қызметкері Назым Тоқтасынованың айтуынша, облыста алғашқы дәріхана 19 ғасырда ашылған. Қазіргі таңда аймақтағы медицина саласы қарқынды дамып келеді. Облыс орталығындағы ауруханалар, жедел-жәрдем қызметі, диагностикалық кеңес беру орталықтары тұрғындарға үнемі көмек қолын созып келеді.