Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауында Глубокое ауданындағы қоғам белсенділері дауыс берді. Олардың қатарында Аналар және ардагерлер кеңесінің төрағалары мен ауданның құрметті азаматтары бар. Таңғы жетіден ашылған сайлау учаскелеріне ағылған жұрттың қарасы қалың болды. Аудан тұрғындары бүгін белсенділік танытты. Олар саяси маңызды науқаннан құр қалғысы келмеді. Глубокое ауданы тұрғындарының көпшілігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Мұнда азаматтар алаңсыз өз таңдауын жасау үшін ұйымдастыру жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Дауыс беруге келгендердің арасында ауданның құрметі азаматы Мария Пекур бар. Глубокое ауданындағы әкім сайлауы осылай өтті.Барлығы да таңдау жасауға асықты. Себебі, әр азамат сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді.