Өскемендегі ірі өндіріс орындары бір жылда ауаға 54 мың тоннадан астам зиянды қалдық шығарады. Оған автокөлік түтінін қосыңыз. Сондықтан өңірдегі атқарушы билік қаланың эко-ахуалын жақсартудың жол картасын жасамақ. Толығырақ келесі сюжетте... Облыс әкімі Ермек Көшербаев қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кеңесте өнеркәсiп кәсiпорындарының шығарындыларын жыл сайын азайтудың күнтiзбелiк жоспарын жасауға тапсырма берген болатын. Кешенді бағдарламада әрбір кәсіпорын 2026 жылға дейін атқаратын шаруасын нақты көрсетеді. Қазірдің өзінде кейбір ірі өндірістер тазарту сүзгілерін орнатып, қондырғыларды жаңалап жатыр. Он жыл бұрын әрбір өндіріс ауаға 100 мың тоннаға дейін лас зат шығарса қазір ол айтарлықтай азайған. Дегенмен экологтар үшін ең басты мәселе көліктен шығатын көк түтін. Негізгі экологиялық проблема ауаның ластануы. Мәселен, облыс орталығында атмосфераға шығарылатын қалдықтар жылына 100 мың тоннадан асып жығылат. Ірі кәсіпорындар қазіргі таңда заманауи тазарту сүзгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Айта кетейік, қала әкімдігі Өскемендегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол картасын әзірледі. Оған сәйкес 2026 жылға дейін 40-қа жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жол картасы нақтыланып, қаржыландырудан бастап қорытынды нәтижелерге дейін пысықталуы тиіс. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта жиналыс өткізбек.