Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз» - 2023 шығармашылық байқауын жариялады. Байқау журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. БАҚ өкілдері «Үздік видеосюжет», «Үздік мақала» және «Сайттағы үздік мақала» аталымдары бойынша сайысқа түседі. Байқауға қатысуға қаржы тақырыбындағы материалдар қабылданады. Ұсынылатын материалдар ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан, 15-ші қарашаға дейін жарияланған немесе эфирден шығуы тиіс. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссиясының құрамында белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. «Еркін сөз» - 2023 шығармашылық байқауының қорытындысы 4-ші желтоқсанда өтеді.