Жыл сайын әлемде 18 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады. Бұл мәселе елде де өзекті. Қазіргі таңда инфаркт пен инсульт тек қарт адамдарға ғана емес, орта жастағы азаматтар арасында да жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 18 миллионнан астам адам инфаркт пен инсульттан көз жұмады. Бұған себеп, дұрыс тамақтанбау, темекі және алкогольді тұтыну, семіздік және физикалық белсенділіктің болмауы, дейді ақ халаттылар. Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуын тудыратын тағы бір қауіпті фактор – зиянды әдетке әуес болу.Ал, жеміс-жидек, көкөністі тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жиі қан қысымының жоғарылауын елемеуі өлімге әкеп соғады. Артериялық гипертензияны диагностикалау кезінде пациент дәрігердің барлық ұсыныстарын орындауы керек. Бұдан бөлек, қан қысымын қалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектерді қолдану қажет.