Ресей Федерациясының Свердловск облысының заң шығарушы органы төрағасының орынбасары Армен Карапетян облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында аймақтағы өнеркәсіп саласының аяқ алысы талқыланды. Қадірлі меймандар өңірдегі бизнесті дамыту мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазақ даласы пайдалы қазбаларға бай. Менделеев кестесінде көрсетілген элементтердің барлығы бар. Ресейден келген делегация геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу ісіне қызығушылық танытып отыр. Себебі, Свердловск облысында тау-кен ісі мамандарын даярлайтын білім ордасы орналасқан. Сондықтан Армен Карапетян шығыстағы кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысына қолдау көрсетуге де даярмыз дейді. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оңтайлы тәсілдерді де сөз етті. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру сынды бірнеше басым бағыттар бар. Армен Карапетян өңірдегі депутаттық корпустың құрамында әр саланың үздіктері жиналғанын ерекше атап өтті. Бұл бірінші кезекте білікті басшының арқасында дейді, ол. Сондықтан түрлі жобаларды қарастыруға толық мүмкіндік бар.