Аймақтағы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қортындылады. Басқарма басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша есептік кезеңде азаматтардан 1300-ден астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігі еңбек ақыны уақытылы өтеуге қатысты. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің тоқсан пайыздан астамы еңбек ақыны төлеуге қатысты. Ал, қызмет баррысында жарақат алу мен өзге де мәселелер өңірдегі жағдайды мониторингілеу және бағалау тобымен қаралған. Сандарға көз жүгіртсек өскеменде өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,5, өліммен аяқталғандар 42%-ға төмендеген. Ендігі кезекте басқарма қызметкерлері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін электрондық форматқа алмастыру бойынша жұмысты жандандырмақ.