Аймақта өнеркәсіптің дамуы өндірілген шикізатты діттеген жеріне жеткізу үшін теміржол салу қажеттілгін тудырды. Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы өңірде іске қосылған алғашқы поезд жайлы сыр шертетін көрме өз жұмысын бастады. Тың деректерге толы құжаттар, алғашқы станция мен поезд фотосурттері қойылған көрмені әріптестеріміз де тамашалап қайтты. Өскеменде теміржолдың пайда болуына тұманды альбионан келген кәсіпкерлері себепкер болған. Риддер кен орындары шетелдіктердің бақылауында еді. Өндірілген кен осы жерден Өскемен қаласына жылқы, баржа немесе пароходтар арқылы тасымалданатын. Ағылшындықтар темір жолдың барлық тиімді және тиімсіз жақтарын таразылап, мұндай тасымал түрі жүктерді жылдам жеткізуге мүмкіндік береді деген шешімге келген. Нәтижесінде Өскемен мен Риддерді қосатын ұзындығы 122 шақырымнан астатын тар табанды темір жол салынды.1917 жылы 27 мамырда облыс орталығынан Риддерге алғашқы пойыз жөнелтілді. Екі қала ортасында байланыс орнаған соң кеніштегі өндіріс көлемі де артты. Қазіргі таңда Өскемен қаласы әуе және автомобиль жолдары, теміржол арқылы еліміздің түпкір-түпкірімен байланыс орнатқан.