Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, елдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министерлігі 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеуі тиіс. Президен пәрмені қазіргі таңда жан-жақты сараланып жатыр. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлт¬тық жүйесін жаңғыртуды, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді азайту бойынша жұмыс беру¬шілерді экономикалық ынталандыру жөнін¬де ұсыныстар әзірлеуді, еңбекті қорғау сала-сын¬дағы кәсіптік біліктілік пен ғылыми әлеуетті, әлеуметтік әріптестікті дамытуды көздейді. Мемлекеттік инспекторлардың көмегіне жүгінген азаматтардың талап-арызы назардан тыс қалмайды. Кейбір мемлекеттік мекеме басшылары оқыс жағдайлардың алдын алғаннан көрі, жазатайым оқиғаға тіркелген соң ғана әрекет етуге бейім. Алайда, алдын алу шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырған тиімді. Мәселен, жұмыс орнында еңбек заңдылықтарына сәйкес, міндетті түрде қызметкерлер арнайы нұсқаулықпен танысып, оның ұдайы жүзеге асырылуын қадағалап отыруы қажет. Бекітілген талапты елемей, жұмыс орнында еңбек ережесін сақтамау жазатайым оқиғаларға алып келетіні белгілі. Салалық басқарманың алдында тұрған қазіргі міндет тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласы кәсіпорындарындағы өндірістік жара-қаттануды азайту. Осыған қатысты жұмысты жандандыру. Жұмыс берушілерді экономикалық жа¬ғы¬нан ынталандыру тұрғысынан заңнаманы же¬тілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.