Биыл Зайсан технологиялық колледжінің құрылғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – өңірдегі кәсіптік және техникалық білім берудің көшбасшы оқу орны. Колледж түлектері бүгінде түрлі салаларда еңбек етіп, туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Мерейтой аясында жаңа кәсіптік дағды орталығы ашылып, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобалар іске қосылды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің беделін арттырып, жаңа бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта аймақтағы жетекші оқу орындарының бірі – Зайсан технологиялық колледжі де өз даму стратегиясын айқындап, заманауи бастамаларды қолға алуда. 80 жылдық тарихы бар оқу ордасы бүгінде 8 мамандық, 27 біліктілік бойынша білім береді. Қазіргі таңда мұнда 170-тен астам студент оқиды. Олардың басым бөлігі өз өңірлерінде қалып, мамандығы бойынша еңбек етуді мақсат еткен.
Ерік Сейілханов, Зайсан технологиялық колледжінің директоры:
Осы ұлтттық мерекеміз республика күніне орай Зайсан технологиялық колледжінің 80 жылдығын орайластырып осы кісіптік дағды орталығын ашып отырмыз. Жалпы кісіптік дағды орталығы алты бағытты қамтыйды. Биылғы жылы жұмысшы мамандықтар жылы аясында осы кәсіптік дағды орталығынла алты бағыт бойынша болашақта жұмыс жасаймыз. Осы алты бағыттың үш бағыты толық қамтылған. Келесі белгіленген үш стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жасаймыз деген жоспарымыз бар.
Мерейтоймен тұспа-тұс колледжде кәсіптік дағды орталығы ашылды. Мұнда студенттер дәнекерлеу, құрылыс, аспаздық және электр жабдықтарын монтаждау сияқты мамандықтар бойынша тәжірибелік білім алады. Орталық 6 бағытты қамтиды және оқу процесін заманауи форматқа көшіріліп отыр.
Алима Ақылбек, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпы Зайсан технологиялық коллежді біздегі Зайсан ауданына жұмысшы мамандықтарды дайындаудағы жалғыз колледж. Бүгінгі күні осы колледж студенттері бітіргеннен кейін осы ауданда қалып отыр. Үйткені мамандықтардың барлығы жаңағы жұмысшы мамандықтар. Бұл жерде дәнекерлеу ісі, поворлар, электриктер және басқа да мамандықтарды даярлауда, Зайсанда дуальды оқыту бойынша студентер біліктіліктерін арттыруда. 85 пайыздан жоғары студенттер өздерінің іс тәжірбиелерін өтуде.
Бүгінде колледждің оқу-материалдық базасы жаңарып, дуальды білім беру жүйесі енгізілген. Студенттер тәжірибелерін нақты өндіріс орындарында өтеді. Бұл олардың кәсіби шеберлігін арттырып, жұмысқа орналасу көрсеткішін жыл сайын көтеруде.
Сұңқар Асқарұлы, Риддер аграрлық техникалық колледжінің директоры:
Зайсан технологиялық колледжінің 80-жылық мерейтойына орай директорлер кеңесінің бірінші отырысын өткізудеміз. Бұл колледжге келіп техникалық материалдық базасымен танысып жатырмыз. Колледж жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісуде. Коллежд өзінің құзіретті даму орталығын ашып өз стратегиясын қойып жатыр екен. Бұл басқа колледж ұйыдарына белгілі бір дамуына өз үлесін береді.
Колледждің 80 жылдығына орай өзге аймақтардан келген білім беру ұйымдарының өкілдері де бас қосты. Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, оқу орындары арасындағы әріптестік пен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Нұртас Қайролдаев