«Nur Otan» партиясының төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бұл қазақстандықтар үшін маңызды саяси шара. Ал жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихаттардың алдында күрделі әрі жауапты міндеттер тұрғанын айтты Елбасы. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бәріміз саяси шараға жарқын болашақ, қазақстандықтардың өркендеуі мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қатысып отырмыз, – деді.