Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында аудандардың мәдени күндері жалғасуда. Осы жолы «Ертіс концерт» сахнасында Риддерлік өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт өтті. Шараға әріптестерім Дильназ Еркінбекова барып қайтты. Концертке келушілер назарнына LED экран арқылы Риддердің әсем табиғаты, қолөнер шеберлері дайындаған әр түрлі нақыштағы әшекеи бұйымдар, кескіндеме суреттер мен фотокөрме ұсынылды. Бұдан бөлек көрмеде сирек кездесетін кендерде бар. Көрермен қауымның назарына Риддер қаласынан шыққан ақын-жазушылардың өлеңдері ұсынылды. Шараның мақсаты «Туған жерге тағызым» акциясын ұлықтау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, дейді Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Наталья Мироненко. Концертті тамашалаған өскемендіктер мен қала қонақтары өнерпаздардың шығармашылығына, орындаушылық шеберлігіне риза болды. Оларға құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді. Риддердің шығармашылық ұжымдары халық әндерінен бастап, заманауи әуендерді де шырқады. Облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлестерін қосып жүрген Риддер ауданының жұлдыздары тыңдарман қауымды бір серпілтіп тастағаны сөзсіз.