Мемлекет басшысы құқық қорғау саласы қызметкерлерімен кездесу барысында ел азаматтарының заң талаптарын сақтау мәдениетін арттыру жөнінде тапсырма берген еді. Президент пәрменін іске асыру мақсатында қараша айының 30-на дейін ел аумағында «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасы өтеді. Аймақтың тәртіп сақшылары шара аясында қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын қадағалайды. «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасының өткізілуіне полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, «AMANAT» партиясының шығыстағы филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлер ат салысып жатыр. Мақсат – қоғамдағы құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Айта кетейік облыста мұндай шаралар үнемі өткізіледі. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта Өскеменде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.