«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі». Ол үшін медицина саласы заман ағымынан қалмай әлемдік стандарттарға жауап беретін құрал-жабдықтармен, білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.Аймақта соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамыды. Дәрігерлер шет елде білімін жетілдірді, үздік клиникалардың қызмет барысымен танысты. Израиль мен Германияда кәсіби машықтарын жетілдірді. Аймақта бейінді мамандардан бөлек медицина мекемелерінің бас дәрігерлері, басшылық қызметте отырған мамандарда кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Өскемен қалалық №4 аурухананың бас дәрігері Сергей Попов 2017 жылы Ұлыбританияда біліктілігін арттырған. Облыста денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету мақсатында нақты бастамалар қолға алынды. Дәрігерлер шет елдің үздік клиникаларында білімін жетілдіріп, елде бұрын жасалмаған түрлі оталарға қатысты. Жай ғана қатысып қоймай, өздеріде науқастарды мазалаған дерттен айығуына сеп болды. Мұның барлығы шығысқазақстандағы медициналық қызмет сапасының артуына жол ашты. Мұхит асқан ақ халаттылар да бүгінгі күні жеткен жетістігіміз жаман емес, дейді. Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Қазіргі уақытта елдің әр аймағында дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары қолға алынуда. Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында медицина саласын дамыту ісі үздіксіз жүргізілетінін айтқан еді.