Шоудаун спорты жайлы не білесіз? Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үстел теннисі. Көпшілікке кеңінен таныс емес спорт түрі елімізде енді ғана тұсауы кесіліп, халыққа кеңінен насихатталуда. Үстел теннисінен таяуда Өскеменде турнир өткен болатын. Тартысқа толы бәсекеге әріптесім Нұртас Қайролдаев та барық қайтқан еді. Шоудаун үстел тенисі көз жанарынан айрылған зағип жандарға арналған спорт түрі. Өткен жылы өңірде филиал ашылған болатын. Мұндай филиалдар еліміздің он алты аймағында бар. Биыл аймақтағы өкілдікдің құрылғанына бір жыл толды. Мерейтойға орай Өскеменде турнир ұйымдастырылды. Федерация өкілдері бұл спорт түрін параолимпиада ойындары қатарына кіргізуді көздейді. Сондықтан насихат жұмыстарын қолға алған. Ойыншылардың айтуынша бұл ойын түрі денсаулыққа пайдалы. Есту қабілеті мен шапшаңдықты арттырады. Жалпы ойынның қағидалары мен ережелері жайлы шоудаун ойынынан ел чемпионы Айдар Саташев ақпарат берді. Шоудаун спортымен айналысушылар республикалық федерацияны ашуды талайден бері жоспарлаған. Бастаманы іске асыру үшін республикалдық, аймақтық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда.