Күре жолдың күрмеуі көп мәселесі бүгінгі күні өзекті. Тіпті осы аптада Үкіметте де қаралды. Кезек күттірмейтін бірқатар өңірлердегі республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын ретке келтіру жайы да айтылды. Олардың қатарында облыстағы республикалық маңызға ие Талдықорған-Өскемен бағытындағы 60 шақырым жол да бар. Бұл бес мыңнан аса шақырым жолды құрайтын өңірдегі автожолдардың бір бөлігі ғана. Осы салаға жауапты басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек биыл біршама жұмыс атқарылды. Келер жылы жолға бөлінетін қаржы көлемі де ауқымды. Көптің назарын аударған Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы бір жылдан соң аяқталады деп күтілуде. Толығырақ тілші бейнематериалында. Әсіресе аудандық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту бойынша әр әкім бес жылдық жоспар әзірлеуі тиіс. Бұл жыл сайын белгілі учаскелерді алдын ала зерттеп, жұмысты жүйелеуге ыңғайлы болмақ. Бұдан бөлек, қалалар мен аудандарға тиесілі күре жолды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастырылған.Жол мәселесі өзекті. Кез келген жұмысты бастау үшін арнайы нормативтік құжат алдын ала әзірленген соң ғана нақты шешім шығаруға болады. Талапқа сай жол сапасы жылына екі рет арнайы тексерістен өтеді. Автомобиль жолдарының талапқа сай болуы өңірдегі өзге де салалардың дамуына жол ашатындығы белгілі. Осыны басшылыққа алған өңір әкімі 2024 жылды «Жол жылы» деп жариялады.Бүгінгі күні көптің назарындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының жұмысы өз ретімен жүргізілуде. Жұмыстың 45 пайызы аяқталды.Қажетті материалдар көршілес Ресейден әкелінеді. Арнайы аралық құрылымдары орнатылуда. Нысанға 5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Көпір құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.Басқарма басшысы Нұржан Сайлаубекұлының айтуынша көпір құрылысы толығымен Автомобиль жолдары комитетінің теңгеріміне өтті. Ендігі қаржыландыру көзі республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс барысын «Қазавтожол» мекемесі бақылауда ұстайды.