Ұлан ауданында Ақбауыр, Сартынбет, Қызылтас атты тарихи – археологиялық ескерткіштері мен киелі нысандар орналасқан. Аймақтағы киелі жерлердің қатары 2021 жылы Бестерек ауылындағы мұражай-археологиялық кешенмен толыққан болатын. Жаңа нысанның аумағы 462 шаршы метрге жуық.Кешеннің бұл жерден ашылуы да бекер емес. Себебі, мұнда құпиясы толық ашылып, жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін қорымдар жетерлік. Археология саласында жүргізіліп жатқан игі істер жайлы әріптесім Дильназ Еркінбекова айтсын. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2016 жылы Ұлан ауданындағы Ақбауыр және Аблайкит аумағында басталған болатын.Бұл жер байырғы бабалар өркениетін құшағына жасырған қорымдарға толы. Қорымдар талайдан бері археологтар ат басын бұратын мекенге айналған. Ал Бестерек ауылында ашылған нысан аймақтағы археологиялық қазба жұмыстарына жаңа леп берді.Мұражай кешені бір қабатты. Ғимаратта сыйымдылығы 20 орындық конференц-залы, демалыс бөлмесі, кеңсе үй-жайлары бар. Кешендегі жәдігерлер түрлі дәуірді қамтиды.Көне өркениеттің ізі қалған бұйымдарды да осы кешеннен табасыз.Айта кетейік, ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанатына Түркия, Англия, Ресей ғалымдары қатысқан болатын.