Әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру ісімен саяси партиялар айналыспақ. Өскеменде «Әйелдер қанаты» құрылды. Мақсаты-қоғамдағы нәзік жандылардың мәртебесін арттыру, оларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерінің жолын кесу. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікке бет бұрған бұрымдыларды қолдау шаралары да жиын барысында талқыланды. Жиынға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева онлайн форматта қатысты. Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесші Зарина Айдарханова бұл бастаманың іске асырылуы, уақытында қабылданған шешім дейді. Бүгінде әйел қауымының саясатта, мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікті дамытуда мүмкіндіктері кеңейгенін айта кеткен жөн. Қыз-келіншектер қашан да адами капиталдың дамуына және елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының артуына оң әсер етеді.Сол себепті, нәзік жандылардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындап қана қоймай, кәсіпкер әйелдерге "Бастау бизнес" жобасы сынды бағдарламалар ұсынылды. «Әйелдер қанаты» 10 басым бағыт бойынша қызметін ұйымдастырады. Алда атқарылатын жұмыстардың барысы жиында айқындалды.