Өңірде «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық шарасы аяқталды. Шара аясында Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің мамандары күшейтілген жұмыс кестесі бойынша қызметін ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды темір жол бойындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.Әріптесім Нұртас Қайролдаев рет-ретімен. Теміржол – аса қауіпті аймақ. Сондықтан осы аудандағы жүріс-тұрыс қағидасын мұқият сақтау керек. Бұл полиция қызметкерлерінің тұрғындарға айтар талап-тілегі.Себебі, азаматтардың басым бөлігі бекітілген ережені елемейтін көрінеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараның мақсаты - темір жол маңындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Тәртіп сақшылары темір жол бекетіндегі жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.