Шемонаиха ауданында дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге қолдау көрсетіледі. Елде әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық күн сайын жасалып жатыр. Сондықтан, келеңсіз жайтқа тап болғандарға дер кезінде көмек берудің маңызы зор. Шемонаихада ашылған нысанның қызметі жайлы тілші тарқатсын. Шемонаихадағы орталықтың мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қою. Мұнда келеңсіз жайттан жапа шеккендерге көмек көрсетіледі. Олармен мамандар жұмыс істейді. Келеңсіз жайтпен бетпе-бет келген әйелдер қоғам көмек көрсетуге дайын екенін, осындай мекемелер барын біле бермейді. Ал дағдарыс орталығы оларды қолдауға дайын. Қызмет алушылар дағдарыс орталығына келген соң медициналық тексерістен өтеді. Келесі кезекте уақытша орналасу бөлмесіне жіберіледі. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандардың басым бөлігі басқармаға арыздануға батылы бара бермейді. Сондықтан, үнсіз қалып жатқандар да жоқ емес.